Автокөлікті «Максима» ТК аула аумағына кіргізу және паркингті пайдалану ережесі

Құрметті «Maxima» ТК меншік иелері!

Паркинг және аула аумағындағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында «Maxima» ПИК «Максима» ТК аула аумағына кіру және паркингті пайдалану ережесін енгізді. Бұл Ережені кешеніміздің күзетіне хабарладық, осыған байланысты күзеттің рұқсат қағазын көрсетуді немесе паркинг иесінің тегін, қаңтарма орнының нөмірін, тұрғылықты мекенжайын айтуды талап етуіне түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз, өйткені күзет компаниясы Ережені бұзғаны үшін қаржылай жауапкершілікті өз мойнына алады.

Автокөлікті «Максима» ТК аула аумағына кіргізу және паркингті пайдалану ережесі.

1. Автокөлікті аулаға кіргізу тәртібі. Автокөлікті аулаға кіргізу бойынша шектеулер объективті себептермен түсіндіріледі, олар:

балалар мен қарт тұрғындардың, аулада серуендеп жүрген адамдардың, сондай-ақ кешен құрылымының (аула алаңы паркингтің шатыры болып табылады) қауіпсіздігі, сондықтан көлікті аулаға қою қарастырылмаған.

1.1.«Максима» ТК ауласына күзет кешенінің хабарлауынсыз мынадай автокөлік түрлерінің кіруіне рұқсат етілген:

  • Тиісті танымдық белгілері бар жедел жәрдемнің арнайы көліктері.
  • Полиция, өрт қызметі, ТЖМ, күзет компанияларының (Күзет, Жедел Күзет және т.б.) арнайы көліктері.
  • Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі адамдарды таситын көліктер.
  • Ритуалды қызмет көрсететін компанияның көліктері.
  • Мектеп автобустары.

1.2. Кешен тұрғындарының күзетке телефон арқылы міндетті түрде хабарлауымен (пәтер нөмірі, тұрғынның аты-жөні арнайы журналға енгізіледі) мынадай көлік түрлерінің «Максима» ТК ауласына кіруіне рұқсат етіледі:

  • Су, жиһаз, техника, құрылыс материалдары және көлемі тұрғын үй кешенінің паркингінен өтпейтін т.б. заттарды жеткізетін көліктер.
  • Тойдың салтанатты шеруі (тұрғындар көлік санын көрсетеді).
  • Ритуалды көліктермен ілесіп жүретін көліктер (тұрғындар көлік санын көрсетеді).
  • Тұрғындардың көлемі үлкен жүктерін немесе чемодандарын түсіретін, жеке қаңтарма орындары жоқ көліктері.

1.3. «Point» фитнесс орталығының клиенттері мен қызметкерлеріне «Максима» ТК ауласына кіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Мүгедектерді, мүмкіндігі шектеулі адамдарды таситын көліктерге ғана кіруге рұқсат етіледі.

1.4. Шлагбаумның алдындағы және оның артындағы аймақ аула аймағы болып табылады. Бұл аймаққа көлік қаңтаруға қатаң тыйым салынады. Бұл талап тұрғындар мен көлік құралдарының қауіпсіздігімен түсіндіріледі. Бұл талаптар үнемі бұзылған жағдайда қаңтарылған көліктерді мәжбүрлі түрде көшіру қолданылады.

2. «Максима» ТК кіру және паркингті пайдалану тәртібі

2.1. «Максима» ТК паркингіне қатаң түрде рұқсат қағазды көрсетіп кіруге рұқсат етіледі, оның нысаны «Maxima» ПИК бұйрығымен бекітілген. Рұқсат қағаз құқықты белгілейтін, ұсынылған құжаттардың көшірмелері негізінде қаңтарма орнына беріледі.

2.2. «Максима» ТК паркингіне жеке қаңтарма орны/паркингке рұқсат қағазы жоқ тұрғындардың кешен күзетіне телефон арқылы міндетті түрде хабарлауымен (пәтер нөмірі, тұрғынның аты-жөні арнайы журналға енгізіледі) мынадай көлік түрлерінің кіруіне рұқсат етіледі:

  • Жиһаз, техника, құрылыс материалдары, құрылыс қалдықтары және көлемі тұрғын үй кешенінің паркингінен өтпейтін т.б. заттарды жеткізетін көліктер.
  • Такси көліктері.
  • Тұрғындардың көлемі үлкен жүктерін немесе чемодандарын түсіретін, жеке қаңтарма орындары жоқ көліктері.

2.3. Паркингке кіру рәсімін жеңілдету үшін паркингке кіруге рұқсат етілген қағазды көліктің күзетке көрінетіндей жеріне қойған жөн (мысалы, алдыңғы әйнектің шетіне). Қауіпсіздік үшін рұқсат қағаздың белгіленген дизайнында тұрғылықты жерді немесе көліктің қаңтармасын анықтауға болатын сәйкестендіру ақпараты жоқ.

2.4. Рұқсат қағазы жоқ, қонақтарға арналған, жеке бос қаңтарма орны болған жағдайда «Максима» ТК паркингіне тұрғындардың, қонаққа арналған орын иелерінің кешен күзетіне телефон арқылы міндетті түрде хабарлауымен (пәтер нөмірі, тұрғынның аты-жөні, қаңтарма орнының нөмірі арнайы журналға енгізіледі) қонақтардың көліктері кіре алады. Күзетке хабарланбаған жағдайда қонақтардың көліктерін паркингтегі қонақтарға арналған бос қаңтармаларға қоюға рұқсат етілмейді.

2.5. Қаңтарма орнының иесі қаңтарма орнын жалға берген жағдайда жалға алушыға рұқсат қағаздың түпнұсқасын беруге міндетті. Қаңтарма орнын жалға алушылар түпнұсқа рұқсат қағазы негізінде ғана паркингке жіберіледі.

2.6. Жеке қаңтарма орындары жоқ, қызметтік көліктері бар тұрғындар «Maxima» ПИК-ке қызметтік көліктің паркингке кіруіне рұқсат қағаз беру үшін көліктің маркасы мен мемлекеттік нөмірі туралы ақпарат беруге міндетті. Қызметтік көліктер паркингке қызметтік көліктерге арналған рұқсат қағаз бойынша ғана өткізіледі, оның нысаны «Maxima» ПИК Бұйрығымен бекітілген.

2.7. Қызметтік көлік ауысқан жағдайда тұрғын бұл жөнінде «Maxima» ПИК әкімшілігіне хабарлауға міндетті.

2.8. Жолаушы күткен кезде қызметтік көліктердің басқа көліктердің қаңтарылған жерінен шығуына кедергі жасауға тыйым салынады. Қызметтік көлік жүргізушісі күткен кезде көліктің ішінде немесе оның жанында тұруы керек. Бұл ретте қызметтік көлікті пайдаланатын тұрғын қызметтік көлік жүргізушісінің іс-әрекеттері үшін жауапты.

2.9. Қызметтік көлік жүргізушісі осы Ережені үнемі бұзған жағдайда көліктің паркингке кіруіне рұқсат берілмейтін болады.

3. Барлық паркингті пайдаланушыларға арналған жалпы қағидалар.

Паркингте мынадай іс-әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:

  • паркингтің жолына және онымен шектес қаңтарма орындарына көлік қаңтару;
  • сағатына 5 км асатын жылдамдықпен жүру;
  • лифттен шығатын жерге көлік қою;
  • шылым шегу;
  • көліктің қозғалтқышын қосып қою;
  • көліктің есігі мен терезесін ашық қалдыру;
  • көлік жуу.

Осы Ережені үнемі бұзған жағдайда тұрғындарға ҚР Заңына сәйкес әкімшілік әсер ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Бұл Ереже кешен тұрғындарының жүгінулері тұрғысынан, күзет агенттігімен бірге құрастырылды. Ережені түсіністікпен қабылдап, паркингте тәртіп орнатуға көмектесесіздер деген үміттеміз, бұл көршілер арасындағы қақтығыс жағдайларын төмендетеді.